Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

3683

Бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болған Азамат Бекет енді Ақтөбе қаласын басқарады. Ол қалалық мәслихаттың келісімімен тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Азамат Бекет Ақтөбе әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінің, Экономика және құқық академиясының түлегі. 2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Еске салсақ, Азамат Бекет бокспен шұғылданған. Ол 1997 – 1999 жылдар аралығында жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы болды. Ал 1999 – 2001 жылдар арадығында жастар арасында ҚР чемпионы болды. Түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасында өнер көрсетті әрі қаржы полициясының капитаны шені бар.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить