Атырау облысында аумағы 6 гектар көл пайда болды

3147

Атырау облысында күтпеген жерден «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көл түзілді, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Көл Атыраудан 30 шақырым жерде - Қарабатан ауданында пайда болған. Мұнда «Базис Констракшн» АҚ «Су дайындау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Тапсырыс беруші – «Karabatan Utilities Solution» ЖШС.

«Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды. Қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады», - деп хабарлады облыстың экология департаменті.

Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды.

Осы аумақта мал жайып жүрген фермерлердің айтуынша, судан химикаттың иісі шығады, мал көлге жақындамайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить