Цифрлық банкинг бизнеске қалай көмек береді?

15582

Бұл туралы Jusan Bank-тің клиенттері Demo Day Jusan Business шарасы аясында естіп білді

Банктер бизнестің дамуына ықпал ететін бірден-бір қаржы институты. Сондықтан банк арқылы бизнес, бизнес арқылы кәсіпкер мен тұтынушы дамып, одан еліміздің экономикасы көркейсе нұр үстіне нұр. Демек, заманауи және сенімді банк өнімдері – бизнестің алға жылжуына сеп болатын негізгі факторлардың бірі. Бұған ешкім шүбә келтірмесі анық. Қазіргі технологиялық заманда цифрлық банкинг қалай жұмыс істейді және қазақстандықтарға қандай өнімдер қолжетімді? Осы және өзге де сұрақтарға көпшілік жауапты Demo Day Jusan Business аясында Jusan Bank өкілдерінен естіп білді.

ФОТО: архив пресс-службы

Бүгін банктің бизнес бағытына жауапты басқармалар кәсіпкерлерге арналған онлайн-банкингтің жұмысын таныстырды. Негізгі 17 команданың Demo Day-ге ерекше дайындалғаны байқалды. Олар өз саласының осы жылғы жетістігі мен алдағы 2023 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі таңда Jusan Bank-те бизнеске мынадай қызметтер қолжетімді:

  • Жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге шұғыл шот ашу;

  • Банк комиссиялары бойынша шығындарды оңтайландыруға арналған пакеттер;

  • Мемлекеттік қызметтер – мемлекеттік дерекқормен арадағы интеграцияны қамтамасыз етеді;

  • Tole – POS-терминалдар, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы карталар мен QR-дан төлемдерді қабылдайды;

  • Теңге және шетел валютасындағы төлемдер;

  • Депозиттер – клиент қаражатының сақталуына және көбеюіне жауап береді. Оны небәрі бес минутта ашуға болады;

  • Несиелер және несиеден кейінгі қызметтер – бизнесті дамытуға қаражат алу қызметі.

Шара барысында Jusan Bank-тің Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов ұжымның жыл басынан бергі жетістіктері жөнінде айта келе, жалпы осы жылы банктің табысты болғанына тоқталды: «Биыл өте үлкен жұмыс істелді. Біз клиенттің көңілінен шығу үшін мінсіз қызмет етуге тырысамыз. Өйткені банк арқылы бизнес өркендейді. Ал банктің ырғақты дамуына әр өнімді, әр құралды әрі қарай жетілдіруге атсалысатын маман мен біртұтас команданың еңбегі ерен. Біздің экзожүйенің арқасында тұтынушылар ұялы телефон арқылы өз бизнесін басқаруға, сонымен бірге шығындарды оңтайландыру мүмкіндігін беретін қызметтердің кең ауқымды түріне қол жеткізе алады. Жыл бойы банк командасы осы салада үздіксіз, тынбай қызмет етті. Ізденді. Ұжымның қол жеткізген табысын қазір сіздер Demo Day Jusan Business аясындағы цифрлық банкинг таныстырылымы барысында көре аласыздар. Сөйтіп, банктің бір жыл бойғы қызметін бағалауға мүмкіндік аласыздар», – деді.

Жылды қорытындылай келе, Басқарма басшысы Нұрдәулет Ғалымұлы: «Қазір кәсіпкерлер мен клиенттер онлайн шоттар мен депозиттерді 5 минутта ашып, Jusan Tole-ге бұрынғыдай 40 сағатта емес, небәрі 3 минутта қосыла алатынын атап өткім келеді. Жыл басынан бері Jusan Business және интернет-банкингтің белсенді пайдаланушыларының саны 69%-ға өсті. Бірінші кезекте біздің өнімдер клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан бір орында тоқтап қалмай, оларды жетілдіру үшін біз әрдайым тұтынушылармен байланыстамыз. Банк жұмысының басты қозғаушы күші – клиенттер», – деді.

Demo Day Jusan Business-ке жиналғандар Jusan Bank-тің негізгі онлайн өнімдері жайлы егжей-тегжей мағлұмат алды. Таныстырылым құрғақ цифрдан тұрмады. Командалар банктік өнімдерді көпшілікке ұғынықты тілде түсіндірді. Арасында сахналық көріністердің де куәсі болдық.

«Demo Day Jusan Business – маған өте ұнады. Мен банктің клиентімін. Осы шараға Талдықорған қаласынан арнайы келдім. Бүгін банктің өнімдері жайлы пайдалы көп ақпарат естідім. Өзімнің киім-кешек сататын шағын дүкенім бар. Егер кәсібім ұлғайып жатса, болашақта банктен тағы бір шот ашсам деген арманым да жоқ емес. Банктің Jusan Tole төлем жүйесі өте ыңғайлы», – дейді кәсіпкер Ұлжан Байділда.

Шынында да, банктің Jusan Tole төлем жүйесі клиенттер арасында аса танымал. Қазір осы төлем жүйесі арқылы мол табыс тауып, аз шығындалуға жол ашылды. Банк мамандарының айтуынша, аталған төлем жүйесі негізінде клиент портфельі 70%-ға өскен. Транзакция айналымы 25%-ға артқан. Ал құрылғы портфельі 75%-ға өсті. Осының бәрі онлайн-банкинг қызметінің жылдамдығын арттыру арқасында жүзеге асты.

Сол сияқты, валюталық операцияларды өткізудің орташа уақытын автоматизациялау және процесті оңтайландыру есебінен жылдамдық екі есе қарқын алды. Мысалы, 10 мың долларға дейінгі эквиваленттегі төлем үлесі тексерістен автоматты түрде өтеді. Осы жылдың қыркүйек – қараша айларында көрсеткіш 87% болды.

Шынында да, онлайн-банкингтің жетілуімен өмір өзгеріп келеді. Бұрындары ЖШС иесі банктен шот ашуға қолақпандай жарты сағатын арнаса, қазір небәрі 5 минуттың ішінде шотыңыз дайын тұрады. Банк мамандарының айтуына қарағанда, бірінші жартыжылдықта шот ашуға кәсіпкер 17 минутын шығындаса, екінші жартыжылдықта көрсеткіш -70 пайызға жетіп, 5 минутқа дейін қысқарған. Бұл – үлкен жетістік. Басқасы-басқа, ал іскер адам уақыттың қадірін қашан да біледі. Сондықтан банктің клиентке сапалы қызмет көрсетуі ең үлкен актив десек қателесе қоймаймыз.

Банктің мемлекеттік қызметтер секторы да жедел қарқынмен дамуда. Осы бағыттағы жұмысты жүзеге асыратын қызметкерлер мемлекеттік дерекқормен арадағы интеграцияны жетілдіруде үлкен ізденіс үстінде. Мысалы, «Даму» қоры арқылы мемлекеттік несие алу бағдарламасына қатысқан кәсіпкер 5 млн теңге көлеміндегі несие алуға бұрын екі апта уақытын жұмсап, 9 құжат дайындаса, қазір өтінім 24 сағаттың ішінде мақұлданады. Мамандар оффлайнға қарағанда, уақыт үнемдеу 10 есеге қысқарғанын айтты. Ал кәсіпкер ешқандай құжат әзірлеп әуреленбейді.

Банктегі депозит ашу ісі де аса серпінді дамуда. Мамандардың талмай ізденісі нәтижесінде «Удобный», «Сберегательный», Овернайт» депозиттерін толық онлайн режимде, санаулы минуттарда ашуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде банктің депозиттері бұрынғыдан да танымал бола бастады.

Осынау игі іс-шараға қатысқан біз Jusan Bank командасының ынтымағы мықты, креативке құмар әрі клиентке сапалы қызмет көрсетуге мүдделі екеніне көз жеткіздік.

Demo Day Jusan Business – банк пен бизнес иесін жақындастыратын еркін алаң. Ашық алаң аясында банктің клиенттері өздерін мазалаған сұрақтарға жан-жақты жауап алды. Ұсыныстарын айтып, ой-пікірін ортаға салды. B2B форматында өткен кездесулер әрі мәнді, әрі мазмұнды өтті. Мұндай басқосу Jusan Bank-тің онлайн-банкинг қызметін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Әрі отандық банктер арасындағы қызу бәсекеге төтеп беруге септігін тигізеді. Егер Jusan Bank дәл осындай қарқынмен дамитын болса, цифрлық технологияны жетілдіру жағынан елдегі көшбасшы банктер легінен табылатынына сенім мол.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить