Астана атауын қайтару жөніндегі ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

14432

Бұл жайында бүгін, яғни 12 қыркүйекте ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті

Нұр-Сұлтан
ФОТО: © Depositphotos/transnirvana
Нұр-Сұлтан

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенеді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысына сілтеме жасай отырып, Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы өзге де нысан атаулары өзгермейді дегенді жеткізді.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», - деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасындағы жазбасында.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында, биыл күзде елімізде кезектен тыс президенттік сайлау, алдағы жылдың бірінші жартысында парламент және мәслихат сайлаулары өтетінін жария етті.

Араға бір күн салып, 2 қыркүйекте ҚР парламенті мәжілісінің бір топ депутаты ел астанасы Нұр-Сұлтанға қайтадан Астана атауын беру туралы ұсыныс жасады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить