Қазақстан халықаралық сот істеріне жұмсалатын шығынды қысқартады

Әділет министрлігі шетелдік юрисдикцияларда мемлекет мүддесін білдіруге және қорғауға бағытталған бюджет шығыстарын қысқартып жатыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтып берді.

«Мәселен, 2021 жылға бөлінген бюджет 25,6 миллиард теңге болса, 2024 жылға арналған бюджет – 8 миллиард теңге болды. Тіпті жыл бойы бұл сома тағы да төмендетілетін атап өтеміз», - деді Т. Уәли министрлік ұйымдастырған брифингте.

Бюджетті оңтайландыру мүмкіндігі процессуалдық болашағы жоқ істерден бас тарту, өтелетін шығындар көлемін қайта қарау жолымен жүргізілмек.

«Әділет министрлігі дауларды шешудің әртүрлі баламалы тетіктерін қолдану арқылы даулардың санын азайту жұмыстарын да жүргізуде. 2023 жылы министрлік 26 дау бойынша мемлекет мүддесін қорғаған болатын. 2024 жылға арналған статистикаға сәйкес, министрлік 20 істі қарап жатыр», - деді ресми өкіл.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте