Қор нарығында доллар 3 теңгеге жуық арзандады

10706

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441,66 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 444, 14 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 442,3 теңге, сатып алу – 443,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440 теңгеден болса, сатып алу – 445. Алматыда Ресей рублі 4,67 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,73 – 4,85 теңгеден сатылуда.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить