ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеретін болады

5544

Мұндай тапсырманы ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов берді.

Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», - деп тапсырды Д.Малахов.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы орын алған су тасқыны салдарды жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану мен көмек зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады.

5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды.

Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады.

Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.

Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін болады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить