Тоқаев: Қол қойылған тарихи құжат Қазақстан мен Қырғызстанның өзара байланысын дамытады

11593

Қазақстан мен Қырғызстанның тауар айналымы 2 млрд долларға жетеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен келіссөзден кейінгі бірлескен мәлімде кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапара екі ел үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мұны көптен күткен іс-шара деп айтуға болады. Қырғызстан біз үшін одақтас мемлекет, сондай-ақ тату көрші, бауырлас ел әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың достығы ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға ненгізделген. Біз әрдайым бір-бірімізге тілекші болып, жетістіктерімізге қуанып жүреміз. Екі елдің мызғымас қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып жатыр. Біз қазір Садыр Нургожоевич екеуіміз тарихи келімсімге қол қойдық. Бұл - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы шарт. Осы құжат өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады, екі елдің мүддесіне толық сай келеді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасқан бауырластық байланысты сақтауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі елдің дәстүрін, достық және тату көршілік қатынастарын нығайтуға Қырғызстан басшысы зор үлес қосқанын атап өтті.

«Сол үшін қадірлі әріптесімен алғыс айтамын. Бүгін екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмастық, нақты әрі маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Бауырлас екі ел арасында шешімін таппаған түйткілді мәселе болмауы керек деп ортақ байламға келдік. Сонымен бірге, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса мән бердік. Қазақстан - Қырғызстанның сауда және инвестиция салысындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 млрд долларға жетті. Келіссөздер барысында бұл көрсеткішті 2 млрд долларға жеткізуге мүдделі екенімізді растадық. Жалпы, өзара сауда айналымын қысқа мерзімде едәуір арттыруға мүмкіндік бар. Біз өнеркәсіп өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайынбыз. Қазақстан Қырғызстанға қазірдің өзінде 195 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны - 260 млн доллар. Қырғыз елінің де Қазақстанға шығаратын өнімдері аз емес. Осы орайда қолда бар мүмкіндікті барынша пайдаланамыз деп уағдаластық. Әсіресе, Үкіметаралық кеңес пен Аймақаралық форумның жұмысын жандандырған жөн», - деді Қазақстан президенті.

Атап айтқанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа» және «Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы шешіміне» қол қойды. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить