Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты
27 марта 2023 12:48
2089
Абай облысы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғылықты жерін тінту кезінде 12 калибрлі Вепрь-12, оған 12 калибрлі 4 патроны бар, атуға жарамды резеңке оқтар, 62х39 атуға жарамды, (зауыттық тәсілмен жасалған), соққыға қарсы қорғаныс қалқандары, тапаншаға арналған қапшығы бар белдік және арнайы құралдар тәркіленген Аягөз ауданының тұрғыны ұсталды.
Күдікті қамауға алынды.
Аталған факт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жағдайлар анықталып жатыр.
Вам может быть интересно: «11 млн йеменских детей нуждаются в гуманитарной помощи»
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter