ТЖД аптап ыстыққа байланысты Алматы тұрғындарына үндеу жасады

1509

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады

27 маусым күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ыстық болады.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден бас татруға шақырды.

«Аптап ыстық адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді. Жаяу жүруді шектеңіз, көп қимыл-әрекет жасаудың қажеті жоқ. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить