Алматыда метроның жаңа станциялары ашылады
30 мамыр күні сағ. 10:00-де «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылады. Олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.
«Мәскеуден» кейінгі «Сарыарқа» станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан. «Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.
Станцияларда сәйкесінше 2 лифт, 8 эскалатор және 6 лифт, 15 эскалатор орнатылған.
Болашақта «Қалқаман» станциясы құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта «Барлық» базарына дейін дамыту жоспарланған.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»
Подписывайтесь на наш канал в Telegram