Елжан Таниева көркем гимнастикадан ҚР чемпионы атанды

Елордада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды  Olympic.kz сайты.

Бүгін гимнастшылар шығыршық, доп, ұршық және таспамен орындалатын жекелей көпсайыс бойынша сынға түсті.

Чемпионаттың алтын медалін Елжана Таниева (Шымкент) жеңіп алса, Баян Қойбақар (Шымкент) күміс жүлдені иеленді, Сабина Бақатова (Нұр-Сұлтан) үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, республикалық чемпионатты көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткерлер жалғастырады. Чемпионат 13 мамырда аяқталады.


 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте