Корей театрының актері Олег Ли «Барыс» орденімен марапатталды

Корей музыкалық комедия театрының актері Олег Ли ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.

«Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актері Олег Сафронович Ли ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген бүгін шыққан Президент Жарлығында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте