Қазақстандық Қырғызстандағы Құмтор кен орнына атқарушы директор болып барды

1545

Қазақстандық маман Қанат Құрманов "Құмтор голд компани" атқарушы директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды Sputnik.

Қанат Құрмановты кен орнының жаңа басшылығы шақырған.

Сондай-ақ ол өзі жайлы әңгімелеп берді.

"Мен Ыстықкөл облысы Тоң ауданы Боконбаево ауылында тудым. Үш жасқа толғанда, ата-анам Қазақстанға көшті. Әкем — қырғыз, анам — қазақ. Бүгінде мен Қазақстан азаматымын. Жаңа басшылық кен орнында сыртқы басқару енгізілген соң, мені шақырды. Менің мамандығым — пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер. Жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым, алайда өндірістік кәсіпорындарда 2003 жылдан бері қызмет етемін", - деді Құрманов.

Айтуынша, оның тау-кен өндіру саласында 20 жыл, ал Қазақстандағы тау-кен байыту фабрикасында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить