Қазақстан билігі 21 қыркүйектен бастап әлемнің 16 еліне рейстер санын ұлғайтуға, жаңдандыруға және ашуға рұқсат етті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:
Ресей – аптасына 54 рейске;
Түркия – 7 рейске;
БАӘ – 9 рейске;
Өзбекстан – 5 рейске;
Германия – 5 рейске;
Мальдив – 3 рейске;
Корея – 6 рейске;
Польша – 2 рейске;
Венгрия – 1 рейске;
Сауд Арабиясы - 1 рейске.
Сондай-ақ Чехиямен (аптасына 2 рет), Қытаймен (аптасына 8 рейс), Әзірбайжанмен (аптасына 3 рейс) тұрақты рейстер жанданды.
Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.
"Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі", - делінген хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Әрі қарай оқу:
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»